5.03.2025, 23:55
Оқылды: 94

Жаңақалада өткен жиында интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

Бүгін аудан әкімдігі ғимаратында Жаңақала аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Хасеновтің және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Қаресовтің қатысуымен интернет алаяқтықты алдын алу мақсатында жиын өтті.

image-05-03-25-10-59-2

Жиынға барлық ауылдық округтердің мемлекеттік қызметшілері Zoom бағдарламасы арқылы және бөлім, мекеме басшылары мен мамандары қатысты.

image-05-03-25-10-59-1
Қайрат Бақытжанұлы интернет алаяқтықтың алдын алу жолдарын баяндап, онымен күресудің бірден-бір жолы eGov порталы арқылы банктік қарыз, микрокредит алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдаланып өз шоттарын бұғаттау екеніне тоқталса, Айдар Қанатқалиұлы мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және масаң күйде болуының алдын алу, оған жол бермеу, көлік құралын алкогольдік және масаң күйде басқаруға жол бермеу жөнінде қосымша айтып өтті. Тақырып сұрақ-жауап форматында талқыланып, мемлекеттік қызметкерлер eGov порталы арқылы несиеден бас тарту жолдарын меңгерді.

Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале