31.12.2020, 9:41
Оқылды: 33

Жаңақалада «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтті

Жаңақала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен жаңа жыл қарсаңында қауіпсіздікті сақтау мақсатында «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтті.

Пиротехникалық бұйымдардан сақ болайық! (4)

Аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция лейтенанты А.Ибраймов және төтенше жағдай бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Е.Мамаев ауыл орталығында орналасқан сауда орындарына арнайы барып, жадынамалар таратып шықты.

Ескертпемен қатар, жеке кәсіпкердің (дүкен иесінің) арнайы құжатсыз (лицензия) пиротехникалық бұйымдарды сатуына, сақтауына, тасымалдауына Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынатынын айтып жеткізді.

Жеке кәсіпкер заң талаптарын бұзған жағдайда ҚР ӘҚБК-нің 196-бап, 483-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы қатаң ескертілді.

Пиротехникалық бұйымдарды кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуға болмайтындығы да айтылды.

 

Ақсәуле Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале