4.06.2024, 23:45
Оқылды: 40

Жаңақалада Рәміздер күніне орай мерекелік шара өтті 

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы ҚР-нің Мемлекеттік Рәміздері күніне орай "Ел рәміздері – еркіндік нышаны" атты мерекелік концерт ұйымдастырды.

image-04-06-24-10-52-1

Өнер ордасының фойесінде аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы тақырыпқа сай кітап көрмесін жасақтап, коворкинг кітапханашысы Нұржанар Меңдешева жиылған жұртқа библиографиялық шолу жасады. Мерекелік жиын залда жалғасын тауып, Мемлекеттік Туымыз сахна төріне салтанатты түрде көтерілді.

image-04-06-24-10-52-8

Кейін еліміздің Гимны шырқалып, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев құттықтауын жолдап, тілегін білдірді.

image-04-06-24-10-52-7

Одан әрі мерекелік шара сазды бағдарламаға ұласып, Жаңақала халқы ауданы өнерпаздарынан қошеметін аямады.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале