Бүгін Жаңақала ауданында жалпыхалықтық респуликалық референдумға дауыс беру басталды. № 127 «Қисық–Қамыс» сайлау уческесі 6:00-де ашылып, тұрақты және тасымалданатын жәшіктердің тұтастығы, комиссия комиссияларына сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті қойылғаны тексерілді.
Алдымен Қазақстан Республикасының Гимні ойналып, жауапты комиссия мүшелері жарияланды. Жергілікті тұрғындар 7:00-ден бастап заң нормаларында белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауын жасауды бастап кетті.
Бүгінгі сайлауда алғаш болып өз таңдауын жасаған тұрғын Сәкен Болатұлына сыйлық табыс етілді. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Марат Болатұлының айтуынша, № 127 сайлау учаскесінде 1292 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер саны – 13.
Фариза Махамбетова
Жаңақала ауданы