Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереевтің жүргізуімен Жаңақала ауылының және С.Меңдешев ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 7 қыркүйекке белгілеу жөнінде жиын өтті.

Жиналысқа комиссия төрағасының орынбасары Есенболат Еслямов, комиссия хатшысы Зухра Себекова, комиссия мүшелері Аман Серікқалиев, Дина Мұқашева, Сәтжан Габдуллин, Мұқит Сисенов және аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газеті директор-редакторы Зара Жардемова, аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Нұрғали Ғаббасов, AMANAT партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлбану Дағарова, «Ажар» әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Салтанат Серікова қатысты. Аталмыш жиында 2025 жылғы 7 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауылы және С.Меңдешев ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізу жөнінде сайлау округін құру және тағайындау туралы шешімдер қабылданды.
Аруғаным Берікқызы,
Жаңақала ауданы