Бүгін Жаңақала аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 24 қыркүйек күні өтетін Пятимар ауылдық округінің сайлауына округ көлеміндегі сайлау учаскелерінің дайындық барысындағы жұмыстарын пысықтау жиыны өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтығалиұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелерін қатыстыра отырып, учаскелік сайлау комиссиялары төрағалары, төраға орынбасарлары және хатшыларының толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Сайлау күнгі жоғары тұрған сайлау комиссиясына беретін мәліметтерге жауапты комиссия мүшелері белгіленіп, уақытында тиісті мәліметтерді сапалы беріп отыруды міндеттеді. Әр сайлау комиссияларының мүшелерінің сайлау процесінде заңдылықтарды сақтап, олқылықтарды жібермеуге шақырды. Сайлау науқаны күні барлық заңдылықтарды қатаң сақтап, ашылу уақыты, гимн ойнату, байқаушыларды тіркеу, сайлаушылардың бюлленьдерін дұрыстап түсіндіріп беру, әр атрибуттардың орналасу тәртібі бойынша қойылуын қадағалау және мүгедектігі бар адамдарға арналған орындарды белгілеп, мүмкіндіктеріне ыңғайлылық туғызу керектігін атап өтті. Сайлау күнгі атқарылатын жұмыстардың нақты алгоритмі жасақталып, сайлау учаскелеріне түсіндірілді.
Алдағы күндегі жұмысты заң шеңберінде абыройлы атқарып, орын алуы мүмкін олқылықтардан сақ болуды талап етті. Сондай-ақ барша әріптестеріне сәттілік тіледі.
Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz