31.05.2025, 16:00
Оқылды: 245

Жаңақалада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Бүгін Жаңақала ауданындағы «Шырағдан» саябағында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Қасіретті жылдар жаңғырығы» атты тарихи сағат өтті.  

image-31-05-25-02-00-3

Жиынға зейнеткер оқырмандар, сондай-ақ, мекеме басшылары мен қызметкерлері, ұрпақтары да қатысты.

photo-output

1929-1938 жылдары қисыннан құлаған қазақ зиялылары бір минут үнсіздікпен еске алынып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале