1.08.2025, 9:45
Оқылды: 112

Жаңақалада сазды кеш өтті

Жаңақала ауылындағы Тәуелсіздік саябағында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жазғы кітап оқу және кітаптарды насихаттау аясында “Саябақтағы рухани самал” атты сазды кеші өтті.  

image-31-07-25-10-23-2

Шара барысында көпшілік ақ дәмнен ауыз тиіліп, ұлттық ойындар ойналды. Сондай-ақ, жиналған халық жерлес ақын ағаларымыздан қонақ-кәде сұрасып, жыр-шумақтарына қанық болды. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, кітап ордасының тұрақты оқырмандары өз өнерлерін көрсетті.

image-31-07-25-10-23

Домбыраның пернесінен күй төгілтіп, сахнаны жандандырған әндер мен билерге де көрермен қошеметін аямады. Әрі қарай, «Жұбан оқуы» облыстық байқауының бас жүлде иегері Ақниет Жайлыбайұлы көркем сөз оқып, аудандық кітапхана жанынан құрылған «Тыңда жүрек» үйірмесінің мүшелері туындыларын паш етіп, сахнаға көрік берді. Осылайша, сөз бен саз үндескен рухани кеш өз мәресіне жетті.

 

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы

image-31-07-25-10-23-1

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале