Өткен аптада Жаңақала аудандық мәдениет үйінде праймеризді дұрыс өткізуге арналған семинар-кеңес өтті.
Жиынға аудан әкімі, «Nur Otan» паритиясы аудандық филиалының төрағасы Наурызбай Қарағойшин, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов қатысты.
Р.Аманғалиұлы праймеризді ұйымдастыру және өткізу ережелерін, үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат жүргізу тәртібін түсіндіріп, кеңеске қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара соңында праймеризге қатысатын 28 үміткер жеребе суырып, алдағы жария пікірсайысқа қатысатын 5 топ анықталды.
Алдағы уақытта қатысушылар аудан көлеміндегі 9 ауылдық округті аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өздерінің бағдарламаларымен таныстыратын болады.
Әселханым Ерсінқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz