Кеше Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 27 сессиясы өтті.
Сессия отырысына 8 депутат, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Руслан Уразалиев пен ауылдық округ әкімдері қатысты. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 11-бабына сәйкес мәслихат төрағасы Қамбар Қаменов ашқан жиынның күн тәртібінде Бірлік ауылдық округінің әкімі Ерболат Жақашевтің 2024 жылғы атқарған жұмысы тыңдалып, Жаңақала аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсанындағы № 25-1 "2025-2027 жылдарға арналған Бірлік ауылдық округінің бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізуді сұрады. Содан соң Жаңажол, Жаңақазан, Жаңақала, Көпжасар, Қызылоба, Мәстексай, С.Меңдешев, Пятимар ауылдық округтерінің басшылары төртінші деңгейдегі округ бюджетін бекітіп беру туралы баяндама жасап, бюджеттерінің ауылдық қоғамдастық жиналыстарда шешілген қаражаттарының қайда жұмсалатыны жөнінде сөз етті.
Баяндамашылар сессияға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды талқылады. Жиынды аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы қорытындылап, ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берді.
Сыйлыхан Жұмасалық
Жаңақала ауданы