«Ауыл аманаты» жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 26 қарашасындағы № 1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде басталды.
Осы орайда аталмыш жоба аясында Жаңақала ауданына қарасты Көпжасар ауылдық округінде кәсіпкер Ербол Мусиннің бастауымен шағын шұжық цехы жұмысын бастады.
Мұнда шұжық өнімдері мен жартылай фабрикаттар шығарылмақ.
Цехтың ашылуына Батыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов және «AQJAYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы басқарма төрағасының орынбасары Досмақов Ержан Досмақов, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев және округ әкімі Нұрбол Серікұлы қатысып, кәсіпорынның жұмыс орны және шұжық цехының алдағы жоспарларымен танысып, кәсіпкерге мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.
Зара Жәрдемова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz