15.05.2025, 23:00
Оқылды: 130

Жаңақалада шеберлік байқауы өтіп жатыр

Бүгін Жаңақала аудандық колледжінде Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында топтық «Үздік дәнекерлеуші» облыстық кәсіби шеберлік байқауының ашылу салтанаты өтті.

image-15-05-25-07-15-2

Сайыс 4 колледж арасында ұйымдастырылатын болады. Жиынға жеке кәсіпкерлер қатысты. Олар – Жақсылық Көпжасарұлы, Ерболат Самиғоллаұлы, Самат Батырғазыұлы, Қазбек Ақылбекұлы.

image-15-05-25-07-15-1

Мемлекеттік Гимн орындалғаннан кейін, Жаңақала колледжінің директоры Самат Жәнібекұлына сөз беріліп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Әрі қарай, көркемдік жеекші Рақымжан Нұрымғалиұлының орындауында «Жаса Қазақ» әні шырқалып, барша жиналғандар естелік суреттерге түсті. Байқаудың негізгі бөлімі Колледж шебрханасында өттін болады.

Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале