Жаңақала аудандық ауруханасына жедел жәрдеммен келіп түскен науқасқа жоспардан тыс шұғыл ота жасалды.
Іштің алдыңғы қабырғасына енген пышақ жарақаты. Аш ішектің және ішек шажырқайының кесілген жарақатына ортаңғы лапаротомия отасы жасалып, ревизия, санация, аш ішек шажырқайының жарасын тігілген.
Отаға хирург А.Дияров, Д.Нуппаев, хирург-онколог Д.Доскалиев, анестезиолог Д.Кукенов, мейірбике А.Мурзашева, Ж.Шакетов қатысты.
Дәрігерлердің шұғыл түрде әрекеті мен ептіліктерінің арқасында ота сәтті аяқталды.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.
zhaikpress.kz