Жаңақала ауданында кәсіпкерлік соның ішінде халыққа қызмет көрсету саласы жылдан-жылға дамып келеді. «Sulpak» электроника дүкендер желісі 1992 жылы құрылып, еліміз бойынша 5500 адамды жұмыспен қамтып отыр екен. Ашылу салтанатында ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері болды.
Жаңақала ауылдық округінің әкімі Ақан Қапанов сөз сөйлеп, бұндай қызмет көрсету дүкені ауданымызға керек екендігін тілге тиек етті. «Sulpak» электроника дүкендер желісінің басшысы Ислам Меңдіханұлы ауыл тұрғындарына жұмыстарын ресми түрде бастағандығын айтып, керекті заттарын сатып алуға шақырды.
Одан әрі лента қию рәсімі өтіп, жиналған тұрғындар өздеріне керекті заттарды қарау үшін дүкен ішіне бас сұға бастады.
Ж.Жұмағұлов,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz