16.04.2023, 12:48
Оқылды: 39

Жаңақалада тасаттық берілді

Жаңақала ауданында тұрғындар тасаттыққа құрбан шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқыды.

IMG-20230416-WA0015

Салтты жоғалтпаған Халықтар достығы көшесінің тұрғындары садақа беріп, табиғат аясында қой сойып, құран оқытты.

Оразада ауыл тұрғындары мал сойып мұқтаж жандарға таратты.

"Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы", -  деген қазақ халқы мал, жанның амандығы үшін осындай ырымдарды атадан бабаға мұра ретінде қалдырып отырған.

Ауыл тұрғындарының сауапты ісі қабыл болсын!

Аруғаным Берікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале