22.07.2024, 12:00
Оқылды: 22

Жаңақалада теолог төтеншеліктермен кездесті

Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Алтынбек Болатов өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне «жат ағым жетегінен сақтану және алдын алу» жөнінде ақпараттық түсінік жұмысын жүргізді.

206FEADE-5C2E-4C21-8689-F8F396420849

Жиын барысында ислам діні бейбітшілік пен бірлікке, ынтымақтастық пен адалдыққа шақыратын дін екендігі, сондай-ақ, қазақ даласына дін ұғымы танылғалы Пайғамбар (с.ғ.с) сүннетіне сай, Әбу Ханифа мазхабын ұстанып келгендігі және жат ағымдар таралып, дін ұстанушылар тарапынан түрлі түсініспеушіліктер пайда болғанын айтты.

Расында, жат ағымның жетегіне еріп кетпес үшін, діни білімді арттырып қана қоймай, дос таңдағанда да аса мән берген дұрыс. Сонымен қатар әлеуметтік желіде түрлі діни әңгімелер туралы түсірілген жазбаларға және авторына зер салу керек.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, тиісінше жауаптар берілді.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале