21.08.2025, 12:00
Оқылды: 469

Жаңақалада түлектерге арналған жәрмеңке өтті 

Жаңақала аудандық мәдениет үйінде алғаш рет аудан көлемінде арнаулы және жоғары оқу орнын бітіруші түлектерге арналған жұмыспен қамту жөнінде ашық есік күні өтті.

IMG_0884

Оған аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев қатысып, жас мамандарды жеке қабылдап,  түсіндірме жұмысын жүргізді.

IMG_0889

Биыл барлығы 26 мекемеден 92 бос жұмыс орны ұсынылды.  Өкінішке орай аталмыш шарада 8 түлек қана  төбе көрсетіп, қажетті ақпараттарын алды. Оның бірнешеуі педагогика саласының мамандары.  Жиын соңында Алпамыс Жаңабайұлы ұстаздар қауымын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі  еңбектері  үшін алғысын жеткізді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

IMG_0885 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале