30.11.2023, 20:05
Оқылды: 60

Жаңақалада «Ulttyq mura» жобасы​ өтті

«АMANAT» партиясы Жаңақала​ аудандық филиалының ұйымдастыруымен​ «ULTTYQ MURA» жобасы өтті.

IMG-20231130-WA0285

«Гагарин» бастауыш партия ұйымының​ нысаналық трансферт қаражаты есебінен​ өткен бұл жобаға – Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушылары Амангүл Сисенова мен Темірлан Сыралиев бір топ шәкірттерімен қатысты. «Қазақ даласындағы күйдің астанасы – Жаңақала» деген жазушы Әбіш Кекілбайдың қанатты сөзі біздің ауданымыздың абыройын асқақтатып, беделін биіктетіп тұр. Өскелең ұрпақты ұлттық мұрамен таныстыру мақсатында дәулескер күйшілер Мәмен Мұратұлы мен Тұяқберді Шәмеловтің кесенелерінің басына барған жобаға қатысушылар тарихи тағылымды әңгімелер тыңдады.

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы алдындағы күй алыптарының мүсіндерінің қасында жалғасын тапқан жоба, Қ.Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің акт залында қорытындыланды.​ «АMANAT» партиясы Жаңақала​ аудандық филиалының​ атқарушы хатшысы Қуаныш Шарафуддин жобаға қатысқан ұстаздарға және оқушыларға алғыс айтып, сәттілік тіледі.

IMG-20231130-WA0284

Домбыра сыныбының оқытушылары Амангүл Сәбитқызы мен Темірлан Біржанұлы шәкірттерімен бірге күй алыптарының туындыларын тарту етті.​

Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале