7.05.2025, 17:17
Оқылды: 327

Жаңақалада Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні мерекесі аталып өтті

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы ұжымының ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Таусылмас тағзым» атты театрландырылған концерт өтті.

image-06-05-25-06-54-10

Мәдениет үйінің фойесінде аталмыш тақырып төңірегінде кітап көрмесі жасақталды.

image-06-05-25-06-54-11

Мерекелік шараны тамашалуға келгендердің қарасы қалың болды. 51-809 В әскери бөлімінің сарбаздары салатантты түрде ҚР Мемлекеттік Туын кіргізген соң, еліміздің Мемлекеттік Гимны шырқалды. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев мерекелік құттықтауынан кейін залдың жарығы өшіп, қойылым басталды.

image-06-05-25-06-54-1
Бейбіт өмір мен қан майдандағы сұрапыл сәттерді шынайы бейнелеп, тылдағы еңбеккерлердің ерен ерлігін көрсетіп, Кеңес Одағының батыры, сұр мерген Әлия Молдағұлованың ұрыс даласындағы образын шебер сомдап шыққан аудан өнерпаздары әр көрерменге ерекше әсер қалдырып, жанарға еріксіз жас үйірді.

image-06-05-25-06-54

Сондай-ақ шарада «Ана туралы баллада», «Огонек», «Кестелі орамал», «Журавли», «Жеңіс күні» әндері шырқалып, Сүгірдің «Қосбасар» күйі шертіліп, концертті үлгілі «Гүлдәурен» би ансамблі бимен көркемдеді.

image-06-05-25-06-54-3

Мәдени-демалыс орталығынң әншілері мен №3 Жаңақала ЖОББ мектебінің «Жас қырандар» тобының орындауында «Сапта тұр, майдангер!» әнімен кеш өз мәресіне жетті.

Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале