5.04.2025, 9:00
Оқылды: 23

Жаңақалада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған фестиваль балабақшалар арасында жалғасын тапты

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жаңақала балалар бөбекжайы», «Жауқазын», «Балбөбек» балабақшаларының ұйымдастыруымен «Ұмытылмас Ұлы күн» атты фестиваль өтті.

image-04-04-25-06-16-4

Зұлмат соғыстан қаза болған батырлардың рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздіктен бастау алған шара, жаймашуақ өмір сүрген қазақ халқының тұрмысынан хабар берген көріністен басталып, Юрий Левитаның «Ұлы Отан соғысы басталды» деген әйгілі дауысымен хабарланды.

image-04-04-25-06-16

Ұлын соғысқа аттандырған ана мен әке, соғыстағы майдан хаттары, ардагердің «Мәңгілік алауға» немересімен тағзым етуі бейнеленген шарада, соғыс тақырыбында әндер шырқалып, өнерпаздар би бидеді. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы мәңгілік болғай деген тілекпен шара қорытындыланды.

image-04-04-25-06-16-1

Келесі фестивалді Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебі, Жас туристер станциясы, Мектептен тыс жұмыс орталығы ұжымдары жалғастыратын болады.

image-04-04-25-06-16-3

Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале