22.09.2023, 18:30
Оқылды: 5

Жаңақалада ұстаздар арасында спартакиада өтіп жатыр

Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімі мен мәдениет тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

7D345899-1480-4801-829D-B149AA7EBED7

Жарысқа барлық ауылдық округ мектептерінің ұстаздары қатысуда. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева сөз алып, барша жарысқа қатысушы ұстаздарға сәттілік тіледі.

B43AB2BF-4FB2-46C3-BE21-37F2413BCC5D

B7F6E5C0-538B-48A2-B205-C6E89466BB9B
Әрі қарай асық ату, волейбол, шахмат түрлерінен спорттық ойындар басталып кетті. Жарыс 29-қыркүйекке 
дейін жалғасады.

Аруғаным Қазиева

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале