Жаңақала аудандық "Jastar" спорт клубының ұйымдастыруымен үстел теннисінен ерлер және әйелдер арасында аудандық чемпионат оздырылды. Чемпионатқа Бірлік, Мастексай, С.Меңдешев, Пятимар, Көпжасар, Жаңажол, Жаңақала ауылдық округтерінің командаларымен қатар Сарыкөл мектебі, Жаңақала мектеп-гимназиясы, Жаңақала ЖОББМ, Жас туристер станциясы, Жаңақала колледжі, Жаңақала желілік-өндірістік басқармасы, Жаңақала аудандық ауруханасы, "Ауданаралық сауықтыру ауруханасы" оңалту орталығы, Жаңақала аудандық "Jastar" спорт клубының командасы қатысты.
Алдымен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбайқызы сөз алып, үстел теннисі спортына қатысушылар жылдан жылға көбейіп келе жатқанын атап өтіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Оған 18-34 жас пен 35-49 жас және 50 жастан жоғары жастағы ерлер, 18-34 жастағы, 35 жастан жоғары әйелдер барлығы 55 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында
әйелдер арасында 18 – 34 жас ерекшелігінде 1-орын Динара Қуанышқалиеваға (Жаңақала мектеп – гимназиясы), 2-орын Айсая Болатоваға (Бірлік ауылдық округі), 3-орын Анар Оразакаеваға (Жаңақала колледжі) бұйырса, 35 жастан жоғары жас ерекшелігінде 1-орынды Аққалам Кенжегалиева (Жаңақала желілік - өндірістік басқармасы), 2 -орынды Айнұр Шерниязова (Жаңақала желілік - өндірістік басқармасы), 3-орынды Әсем Аюпова (Жаңажол ауылдық округі) иеленді.
Ерлер арасында 18 - 34 жас ерекшелігінде 1-орын Әділет Халиуллин (Мәстексай ауылдық округі), 2-орын Асланбек Ғазизов (Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубы), 3-орын Болатбек Жолдыбаев (Жаңажол ауылдық округі) жүлдегер атанды. Ерлер арасында 35 - 49 жас ерекшелігінде 1-орынға Болатбек Куаншалиев (Бірлік ауылдық округі), 2 -орынға Артур Валиев (Бірлік ауылдық округі),
3 -орынға Нұржан Бекқалиев (Жаңақала мектеп - гимназиясы) ие болса, 50 жастан жоғары жас ерекшелігінде 1-орынға Бауыржан Қадырқұлов (Мәстексай ауылдық округі), 2-орынға Жарасқали Кенжеғалиев (Жаңақала аудандық «Jastar» спорт клубы) 3-орынға Абат Исмурзин (Жаңақала ауылдық округі) табан тіреді.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы