3.12.2024, 22:00
Оқылды: 24

Жаңақалада Халықаралық мүгедектер күніне орай психологиялық тренинг өтті

Бүгін Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан психоневрологиялық потологиясы бар жандармен және олардың ата-аналарына «Көңілді күн» атты психологиялық тренинг ұйымдастырды.

image-03-12-24-08-43

Мақсаты — өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту, ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру және қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту. Амандасу, сергіту сәті, шармен тренинг, ұсақ-қол моторикасын дамытуға арналған бояулар, гүл жаттығуы, бірге сурет саламыз, сондай-ақ түстерді таңдаймыз секілді бөлімдерден тұрған шараның алғысөзі аталған мекеме басшысы Дәурен Жарасовқа ұсынылды. Көру және есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған тренингке сонымен бірге мүгедектер қоғамының төрайымы Халила Халелова, мүгедектер бөлімінің бас маманы Гүлжан Насибуллина,
жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Дәурен Мерешов пен «Аманат» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кеңесшісі Гүлбану Дағарова қатысып, тілектерін жолдады.

Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале