5.07.2024, 10:46
Оқылды: 61

Жаңақалада жаңа алаң ашылды

Жаңақаладағы «Тәуелсіздік» саябағында «Стрит воркаут» орнының ашылу салтанаты өтті.
жангала1
Спорт түрлерінің жандануы барысында ашылған аталмыш алаңның құны 5 700,0 мың теңгені құрайды. Жұмыс барысында 13 модульдік конструкциялар мен керме және стритбол ойынына арнайы орын дайындалды.
Алаңның жалпы аумағы – 20*20 метр. Сонымен қатар беткі қабаты резиналық жабынмен төселіп, орындық және қоқыс жәшіктері орнатылған.
Шара барысында аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлына құттықтау сөз беріліп, мердігер «Магнит» ЖК басшысы Рахман Бауыржанұлына алғысхат табыстады. Осылайша халық игілігіне тағы бір нысан қолданысқа берілді.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале