11.06.2020, 11:37
Оқылды: 54

Жаңақалада жаңа балалар алаңы бой көтерді

Жаңақала ауданы орталығында балаларға арналған алаң пайдалануға берілді.

Alan

Жаңақала елінің азаматы Тимур Қуанұлы мен кәсіпкер Амангелді Аманжолұлы бірігіп, бүлдіршіндердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін Тәуелсіздік саябағына осындай ойын алаңын салып, игілікті іс жасады. Қос азаматтың өз қаражаттарынан салынған ойын алаңының жалпы құны 560 мың теңгені құрайды. Бүлдіршіндер енді заманауи жабдықталған ойын алаңдарында асыр салып, құмарлары қанғанша ойнайтын болады. Осындай жаны жомарт ел ағаларының істері көпке үлгі болмақ.

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале