Бүгін Жаңақала ауданына қарасты Қырқопа ауылында жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанаты өтті. Ғимарат құрылысы 2023 жылы басталып, бүгінгі күннен ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жобаның жалпы құны 437 895,5 мың теңгені құрайды.
Жиынның ашылуында БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі БҚО мәдениет тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Қуанышбек Жанболатұлы, Батыс Қазақстан облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Шолпан Қуанышқалиқызы, аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан, мекеме, кәсіпорын басшылары мен тұрғындар төбе көрсетті.
Алғашқы сөз кезегі Бақытжан Хаберұлына беріліп, бой көтерген ғимараттың ашылуымен құттықтай отыра, атқарылып жатқан игі істерге тоқтала кетті. Әрі қарай сөз кезегі аналар кеңесінің төрайымы Маржан Әбуқызына ұсынылып, мәдениет үйінің құрылысына үлестерін қосқан барша азаматтар мен мердігерге ауыл халқы атынан алғысын білдірді.
Сонымен қатар жауапты мердігер Нариман Ғалымжанұлы да сөз алып, өз атынан ауыл жастарына үстел теннисін сыйға тарту етті.
Тиісінше, аудан әкімінің атынан мердігерге алғысхат табыс етіліп, ғимарат кілті Қырқопа ауылдық округінің әкімі Абзал Ғайноллаұлына ұсынылды.
Шара барысында Бақытжан Нарымбетов пен мәдениет саласының ардагері Назгүл Қайыршаққызы лента қию рәсімін жасап, жиналған жұртшылық ғимараттың ішін тамашалауға ішке енді. Аудан көркемөнерпаздарының сазды сәлемдемелерімен шара жалғасын тапты.
БҚО әкімінің орынбасары өңірімізге жоспарлы іс-сапарына сәйкес Кармановка жалпы орта білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмысымен танысып, «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында көшіп келген жас отбасымен жүздесті.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы