15.07.2025, 17:30
Оқылды: 369

Жаңақалада жаңадан сайланған округ әкімдеріне қызметтік куәлік табысталды

Жаңақала ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14-бабы 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына және 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жаңажол ауылдық округінің әкімі – Дәурен Құбайдоллаұлы Мерешов, Бірлік ауылдық округінің әкімі – Ерболат Қуанышұлы Жақашев, Көпжасар ауылдық округінің әкімі – Нұрбол Серікұлы Бектлеу болып сайланды.
image-15-07-25-04-00
image-15-07-25-04-00-1 (1) image-15-07-25-04-00 image-15-07-25-04-00-4
Бүгін округ әкімдеріне қызметтік куәліктерді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Бақтыгереев табыстады. Шарада аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев ауыл тұрғындарына белсенділігі үшін алғыс айтып, жаңа әкімдермен бірге алдағы жұмыстарды бірлесе жүзеге асыратынын жеткізді.
image-15-07-25-04-00-2
Жиын барысында тұрғындар да сөз алып, жаңа әкімдерге сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы
image-15-07-25-04-00-3
 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале