Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда №127 референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі байқалады. Әсіресе жанұя мүшелерімен бірге келіп, дауыс беріп жатқан азаматтар көп.

Учаскеге келген тұрғындардың айтуынша, олар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасауға келген. «Елдің ертеңі үшін дауыс беріп жатырмыз. Бұл – әр азаматтың парызы», – дейді жанұямен келген тұрғындар.
Референдум – мемлекет дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси науқан. Сондықтан тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, өз дауыстарын беруде.
Сыйлыхан Талапұлы,
Жаңақала ауданы