6.10.2024, 13:30
Оқылды: 42

Жаңақалада жас спортшылар таңдау жасады

Бүгін Жаңақала аудандық «Жастар» спорт клубында кезекті «Құрдастар» турнирі өтіп жатыр. Спорттық додаға қатысушы ойыншылар тарихи сәттен қалыс қалмай өз учаскелеріне келіп таңдауларын жасады.
6bfecc83-a4f3-48df-9123-b9dc52e63e2e
Айта кетейік, жеке кәсіпкер Ерболат Баймұқашев аудан спортшыларын автобуспен референдум участкелеріне тегін жеткізген болатын.
d785ddf8-94f9-4d59-ab81-46d2219e2b91
– Бүгінгі күн ел болашағы үшін өте маңызды. Белсенділік таныту үшін бірнеше ойыншы келіп, өз таңдауымызды жасадық. Таң сәріден жиналған халықтың өз мүмкіндіктерін пайдаланып, маңызды қадамға үлес қосулары қуантарлық жағдай. Еліміз бойынша орын алып жатқан науқанға  салғырт қарамай, Қазақстанның болашағы үшін 18 жастан асқан әр тұлға өз ойын белгілеуі керек, - дейді ауыл белсендісі, жас спортшы Нүркен Орынбаев
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале