12 тамыз- Халықаралық жастар күніне орай “Достық” саябағында аудандық мәдени-демалыс орталығы мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jastarkeshi» мерекелік
концерт өтті.
Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмарға беріліп, ақжарма тілегін білдіргеннен кейін, белсенді жастарға аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлының атынан алғысхат табыс етті. Сондай-ақ, «Қазақша Quiz» зияткерлік ойынында жүлделі орын алған жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар тарту етті. Әрі қарай, сала қызметкерлерін Батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аңсар Ибаревтың алғысхатымен Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Ерасыл Жайсаңұлы марапаттады. Содан соң, көңілді ән шырқалып, жиналғандар қошеметін аямады. Кеш соңында, әлеуметтік желіде жарияланған байқаудың қорытындысы анықталып, жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарға ие болды.
Елімізді көкке көтеретін жастарымыз тек биік жетістіктерден көрініп, елімізді дамытуға жаңа қадамдар жасай берсін.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы
Отправлено из мобильной Почты Mail.ru