6.06.2024, 18:03
Оқылды: 21

Жаңақалада «Жасыл ел» еңбек жасағының кезекті маусымы басталды

Бүгін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті маусымының ашылуы өтті. 2005 жылдан бері өткізіліп келе жатқан аталмыш жоба жастарды еңбекке араластыру арқылы табиғатты күтіп баптауға баулиды.

93B81F6B-2570-4D38-B1CF-453951FA4F84

Биылғы жоспарға сәйкес еңбек жасағы 100 жасты (мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жастар) қамтып, маусым, шілде айларында ІІ кезеңді жұмыс атқару жоспарланып, алғашқы кезеңі  басталып кетті.

Ашылу салтанатында еліміздің мемлекеттік Гимні орындалған соң, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, ауыл әкімі Ақан Қапанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Мұқанов пен қоғамдық кеңестің төрағасы Қуат Имашев жастардың жұмыс барысына сәттілік тіледі.

Айзада Ақбасова

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале