Жаңақала аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Jiger» кафесінде жас кәсіпкерлер аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпкер жастар өздерінің мәселелерін айтып, шешу жолын талқылады. Жеке кәсіпкер жер алғысы келетінін, оны аукционнан ала алмай, үлкен кәсіпкерлердің мүмкіндік бермей тұрғанын айтып көмек сұрады. Сонымен бірге кәсіпкерлер өздерінің жеке алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аудан әкімі алдағы уақытта кәсіпкерлермен жұмыстанып, көмек көрсететін айтты.
Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы