Кеше Чапай-Жаңақала-Сайхын тасжолында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 1 шілдеде сағат 21.00-де Чапай-Жаңақала-Сайхын тасжолында, Жаңақала ауданына қарасты Жолқұдық елдімекенінің тұсында болған. «Лада Гранта» мен «ВАЗ-2107» маркалы көлік жол үстінде соқтығысқан. Апат салдарынан қайтыс болғандар бар, соның біреуі 7 жасар бала. Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
«Жаңарған өңір» ақпарат