Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Ұлттық Академиялық кітапханасы мен кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай – ақ жастарға рухани, адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.
«Менің атым Қожа» повесі – 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі.
Жаңақала аудандық балалар кітапханасы жазғы лагерь демалушыларына «Менің атым Қожа» шығармасынан көрініс қойды. Көрініске Әлихан Ғали, Інжу Хамзина, Нурлыхан Зейнғали, Нұрайым Хайдар, Инабат Кенжеғали қатысып, өз рөлдерін тамаша сомдап, лагерь демалушыларына керемет әсер қалдырды.
Шара соңында «Халқын сүйген қаламгер» атты кітап көрмесіне балалар кітапханасының меңгерушісі Райгүл Бисенбиева библиографиялық шолу жасады.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы