Жаңақала ауданында өткен халық емшісі, ел анасы Самиға Жұмағұлқызын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар, ардагерлер арасында аудандық жекелей ашық турнирі өтті.
Аталған додаға Сырым ауданының атынан Дарын Төреғалиев пен Тұрарбек Шынтасовтың шәкірттері қатысып, алтыннан алқа тағынып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Атап айтсақ, 9 жасар ұлдар мен қыздар арасында Нұрәлі Жолдыбай ІІІ орын, Әмірхан Біржан мен Баян Мақсұт І орын иеленді.
11 жастағы тоғызқұмалақшылар арасында ІІІ орынды Рауан Әнуарбек иеленсе, Айша Ғарифолла топ жарып, І орыннан көрінді.
13 жасар тоғызқұмалақ шеберлері арасында Мәдина Мақсұт ІІ орынға табан тіреді.
9 жасар ұлдар мен қыздар және 11 жасар қыздар арасында үздік шәкірттер дайындағаны үшін Дарын Төреғалиев «үздік жаттықтырушы» атанып, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болды.
Одан бөлек, «жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Сұңғат Мамбетқазы, Абылай Рамазан, Гүлжайна Ержан марапатталды.
Жүлдегерлер мен аталым иелері диплом және Самиға Жұмағұлқызының ұрпақтары атынан қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы