«Қазақтелеком АҚ» БҚПД желісі қызметкелерінің ұйымдастыруымен Жаңақала ауданына жоғары жылдамдықты GPON технологиясы келіп, OLT станциясы АТС-қа орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда «Зап.Каз.РЭК» мекемесінің электр желілері күрделі жөңдеуден өткен бағаналары арқылы келісілген меморандум негізінде талшықты-оптикалық кабель электр бағаналарына ілініп ауданға «Тазарту» проектісі негізінде ескірген мыс кабельдерін талшықты оптикалық желісіне ауыстыру жұмыстары Жаңақала желілік техникалық учаскесінің қызметкерлерінің күшімен басталған болатын.
Қазіргі уақытта ауданның абоненттерін жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосу жұмысы басталып кетті. Алдағы жылы да ADSL технологиясын пайдаланып отырған абоненттер кезең-кезеңімен GPON технологиясына ауыстырлатын болады.
Айта кету керек, облыс аумағындағы аудандар арасынан бірінші болып, жаңақалалықтар тұтынып жатыр.
– «Тазарту» жобасы – «Қазақтелеком» жүзеге асырып жатқан ірі инфрақұрылымдық бағдарлама. Жоба аясында компания ескірген мыс кабельдер желісінен (ADSL) заманауи GPON технологиясына негізделген оптикалық талшықты желілерге көшу процесін жүргізуде. Бұл технология жоғары жылдамдықты интернет қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді және тұрақтылықты арттырады. Себебі ол электромагниттік кедергілерге сезімтал емес, - дейді «АО Қазақстелеком» Жаңақала-желілік техникалық учаскесінің басшысы Жандос Оралбайұлы.
Жобаның мақсаты — абоненттерге интернетті қолжетімді әрі сапалы ету, сонымен қатар, деректерді жіберу мүмкіндігін арттыру.
Ақпараттарға сүйенсек, жыл соныңа дейін 100 абонент оптика желісіне ауыстырылатын болады.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы