Жаңақалалықтар бүгін ауданның қайта құрылғанына 50 жыл толуын атап өтуде. Салтанатты шараға жиналған осы өңірде туып-өсіп, сан тарапқа түлеп ұшқан түлектер мен ауыл тұрғындары ең әуелі бейіт басына соғып, марқұм болған жерлестеріне Құран бағыштады.
Шараға жиналғандар туған жерде өшпес ізі қалған Қазақстан халық артисі Қали Жантілеуовтың, Жаңақала аудандық партия комитетінің 1972-1976 жылдардағы бірінші хатшысы Сатқали Сапаровтың, Жаңақала ауданының 1992-2010 жылдардағы әкімі, қоғам қайраткері Төлеген Мерғалиев танымал сынды тұлғалардың қабірлеріне гүл шоқтарын қойды.
Мерекеге орай орталық саябақ ішінен «Халқыңа қызмет – еліңе құрмет» тақтасының ашылу салтанатты өтті. Аталған тақтаға Жаңақала аудандық партия комитетінің 1972-1976 жылдардағы бірінші хатшысы Сатқали Сапаровтың, 1976-1992 жылдардағы бірінші хатшысы Әділғазы Нұрғалиевтің, 1992-2010 жылдары аудан әкімі болған Төлеген Мерғалиевтің, 2010-2011 жылдар аралғында аудан басқарған Тимур Имашевтің, кейінгі жылдары ауданда әкімдік қызмет атқарған Лавр Хайретдинов пен Наурызбай Қарағойшинндердің суреттері ілінген.
Ауданның жарты ғасырлық мерейтойына арналған шара «Елу жылда - ел жаңа» аудандық конференциясы мен мерекелік концертке ұласуда.
Нұрбек Оразаев,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz