4.01.2024, 23:00
Оқылды: 91

Жаңақалаға жұмыс сапарымен Сенат​ депутаттары келді

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Кәрімұлы мен Ләззат Тұяқбайқызы Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші залында округ әкімдері мен жеке шаруа қожалық иелерін жинап, бас қосты. ​

IMG-20240104-WA0072

Арман Өтеғұлов пен ​Ләззат Рысбекова алдымен жаңажылдық лебіздерін білдіріп, ауыл-аймақтардың хәл-ауқатымен, тыныс-тіршілігімен ​танысып, баршасының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

IMG-20240104-WA0074

Жиында аудан басшысы ​Алпамыс Жаңабайұлы шешімі табылмай тұрған мәселе – киіктен зардап шеккендердің жанайқайын жеткізіп, Шаһидолла Әбуғалиев, Талғат Байкенов, Қамбар Қаменов өз сауалдарын қойды.

Қазіргі таңда айырықша орын алатын аудандағы мәселенің бірі – ауыз суды үнемді пайдалану, өзен-көл суларын молайту болғандықтан, шаруа қожалық басшыларының да көкейіндегі сауалдың ​ бірі осы болды.

IMG-20240104-WA0073

Сонымен қатар шаруашылық жерлеріне тұрғын үйлер салу, аз пайызды және жеңілдікпен берілетін несие, газды және энергетикалық сусындардың зардабы, техникалық қызметкерлердің еңбектерінің бағалануы мен жалақысы, жол мәселесі жөнінде қойылған сұрақтарға нақты жауап алынғаннан кейін жиын қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале