24.09.2025, 10:45
Оқылды: 59

Жаңақалалық Аиданың кезекті жүлдесі

Ақжайық ауданы Чапаев ауылында ақиық ақын, қоғам қайраткері Жұбан Молдағалиевтің сөзіне жазылған әндерді орындаушылар арасында «Жұбанын әлдилейді Ақжайығы» атты аймақтық ән байқауы оздырылды.        

image11111

Ән байқауында облыс бойынша жиналған қатысушылар ақынның сөзіне жазылған әуезді әндер мен  өз өңірінен шыққан композиторлардың туындыларын жанды дауыста шырқады. Нәтижесінде, аудан намысын асқақтатқан Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің вокал сыныбы оқытушысы Аида Серікқалиева 3 орынға лайық деп танылып, 100 000 теңге ақшалай сыйлықтың иегері атанды.

 

Ақерке Ғилымхан,

Жаңақала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале