17.09.2025, 21:00
Оқылды: 258

Жаңақалалық Айбибі кино әлемінде

Жаңақала ауданының орталығында орналасқан №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 – сынып оқушысы, жас дарын Айбибі Қожантайдың өткен оқу жылында ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінің жеңімпазы атанғанын оқырмандарымызбен қуана бөліскен едік. Биылғы жаңа оқу жылын да Айбибі үлкен жеңісімен бастады.

photo-output

Елімізге танымал кино актерлер Руслан Нұрман мен Жәудір Сарыпбековамен киноға түсу үшін шілде айында өткен кастингке қатысып, 600 үміткердің ішінен таңдап алынған 21 дарынның бірі атанды. Жазғы демалысын үлкен дайындық сабақтарына қатысумен өткізген Айбибіге режиссер Жандос Қабденұлы Дүйсенбаевтың «Нағыз сұлулық» фильмінің түсірілімі Орал қаласында басталды. Болашақта кинотеатр экрандарынан Айбибінің жаңа қадамдарының куәсі боламыз! Кішкентай жұлдызымызға шалқар шабыт, зор денсаулық, жеңісті тұғырлар биігін тілейміз!

Рая Жұмағалиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале