Бүгін Дулат Нұрланұлы Астана қаласында өткен 34-інші сессия отырысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығы негізінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

- Бұл марапат – еліміздегі бірлік пен татулықты нығайту жолындағы еңбегіме берілген жоғары баға. Ассамблея жастарының қатарында болу - үлкен жауапкершілік пен мақтаныш! - дейді құрмет иесі Дулат Нұрланұлы.
Жерлесімізді жаңа жетістігімен құттықтай отыра, әр қадамына сәттілік тілейміз.
Р.с: Айта кетейік, Дулат Нұрланұлын аудан намысын асқақтатып жүрген тұлға ретінде «Жаңарған өңір» газетінің өткен сандарында «Жас көшбасшы» айдарында жариялаған болатын.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы