16.04.2025, 0:00
Оқылды: 64

Жаңақалалық этномедиация өкілі Рая Апахаева Президент медалімен марапатталды

Бүгін облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай кеңейтілген кеңес отырысы өтті. Қазіргі таңда «Руханият орталықтарында» елдің ынтымағын нығайтуға бағытталған маңызды жобалар іске асырылуына үлес қосуда.

photo-output
Орталықтардағы «Қоғамдық келісім» кабинеттері этнос өкілдерінің мәдени-рухани бірегейлігін дамытуға мүмкіндік береді. Жиында игі істердің басы-қасында жүрген Жаңақала ауданының этномедиация өкілі Рая Қайратқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қ.Тоқаевтың медалімен марапатталды.

photo-output

Ұлттық ұстанымды биік қойып, ұстаздық қызметте табанды тер төгіп, құрмет төрінен орын алған марапат иесін құттықтап, әрдайым абырой биігінен көрінуіне тілекшіміз.

Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале