3-9 қазан күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасында елдің жекелей чемпионаты өткізілді.
Онда Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Абай, БҚО, ШҚО, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстарынан барлығы 100-ден астам спортшы бақ сынады.
Жекелей сында 50 жастан жоғары әйелдер арасында жаңақалалық Қаламхас Карина жеңімпаз атанып, ҚР Спорт шебері нормативін орындады. 30 жылдан бері төл ойынымызды өзі ғана емес, жуалыойлықтарға ұлықтап келе жатқан жерлесіміздің жеке бапкері – тоғызқұмалақтан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушысы Қайрат Маратұлы.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы