30.12.2020, 18:40
Оқылды: 61

Жаңақалалық кәсіпкер төл газетке қолдау білдірді

Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетіне 2021 жылдың I жартыжылдығына жазылу науқаны әлі де жалғасуда.

Жомарттығын танытты2

Кәсіпкерлер тарапынан да жергілікті басылымға қолдау көрсетіп, өз қаржысына ауылдастарын газетке жазып жатқан жомарт жандар жетерлік. Солардың бірі – «Марлен» азық-түлік дүкенінің иесі Айман Меңдібаева. Ол аз қамтылған 20 отбасыны басылымға 6 айға тегін жаздырып берді. Жаңақалалық кәсіпкерлердің бұндай игілікті ісі өзгелерге де үлгі болып, аудандық басылымның оқырманын көбейтуге үлесін қосатын қайырымды жандар саны арта түседі деп сенеміз.

 

Ж.Шахманова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале