24.04.2024, 0:00
Оқылды: 8

Жаңақалалық кітапхана ұжымы республикалық байқауға жолдама алды

Жуырда кітапхана қызметіндегі іс-тәжірибесімен алмасу, ұлттық мәдениетті насихаттау, бірыңғай мәдени кеңістікті нығайтумен қатар мәдениет қызметкерлерінің шеберлігін шыңдау мақсатында Орал қаласында мәдениет және өнер қызметкерлерінің арасында онлайн форматта «Рухани қазына – 2024» байқауының облыстық кезеңі өтті.

attach

Ережеге сәйкес 7 аталым бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі фестивальде Жаңақала ауданының рухани ордасына айналған кітапхана ұжымы «Үздік аудандық маңызы бар кітапхана» номинациясын иеленіп, республикалық байқауға жолдама алды.

Өз істерінің майталман маманы екенін дәлелдеп, жаңақалалықтардың намысын қорғауға аттанатын кітапхана жүйесінің аруларына сәттілік серіктеріне айналып, жеңіспен оралуларын тілейміз.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале