29.06.2021, 11:12
Оқылды: 40

Жаңақалалық қос журналист ҚР Журналистер Одағының мүшесі атанды

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Алтынбек Ермекқалиев пен аталған газеттің жауапты хатшысы Жанайдар Болатбекұлы ҚР Журналистер Одағының мүшесі атанды.

66021806-854D-48AC-A082-572595B172C2

«Жайық Пресс» медиахолдингінің мәжіліс залында ҚР Журналистер Одағы БҚО филалының төрағасы Тоқтар Кенжеғалиев қос журналистке толағай табыс, сәттілік тілеп, одақтың мүшелік билеті мен төсбелгісін табыс етті.

- Журналист болу – бала кезден арманым еді. Ал кәсіби мерекемізде ҚР Журналистер Одағының мүшелігіне өту бізге үлкен сый болды, әрі зор жауапкершілік жүктейді. Ел сенімін ақтап, оқырманға ойлы дүние жазып, халыққа адал қызмет ету – басты мұратымыз, - дейді газет редакторы А.Ермекқалиев.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале