29.09.2020, 10:10
Оқылды: 24

Жаңақалалық өрен жеңімпаз атанды

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық тідерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Туған өлкен – тұнған тарих» атты ғылыми-зерттеу жобалар сайысы өтті.

Көпжасарлық өреннің жеңісі

Тіл фестивалі шеңберінде ұйымдастырылған бұл онлайн байқаудың мақсаты ономастикалық атауларды жаңғырту мен маңызын түсініп, сол атаулардың ұмыт қалуын болдырмау, туған өлке тарихын тану болатын. Жалпы орта білім беретін мектептердің 7, 10-сынып оқушылары мен ЖОО-ның 1, 2-курс студенттері арасында бөліп өткізілген байқау барысында қатысушылар өздерінің зерттеушілік қабілеттерін жоғары деңгейде таныта білді.

Солардың бірі де бірегейі Дина Нұрпейісова атындағы ЖОББ мектебінің 7-сынып оқушысы Саян Иманғали I орынды қанжығасына байлады.

Осы тұста «жас болса да бас бола білген» жетекшісі Азамат Бақиевтың еңбегін атап өткен жөн.

 

Әселханым Ғайнеден,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале