Қараша айының 12-15-і аралығында мектеп оқушылары арасында облыстық құзға өрмелеу жарысы өтті. Аталмыш додада Жаңақала ауданының намысын қорғаған “Жас туристер” станциясының тәрбиеленушілері үздік нәтиже көрсетіп, қатарластарының алды бола білді.
Тоқтала кетсек, “Жылдамдық қашықтығы” бойынша 2015-2016 жылы туылғандар арасында Айнамкөз Спартак (жетекшісі Жәрдемова Г.Е) есімді аруымыз 2-орынға табан тіресе, “Қиындық қашықтығы” бойынша Линара Сұлтанбек (жетекшісі Губайдуллин М.Г) 3-орынға ие болды. Спорттың жарыстың үшінші кезеңінде топтық есеппен алдыға шығып, “Эстафеталық қашықтық” бағамы бойынша біріншілердің тізімінен табылды.
Сайыс қорытындысы бойынша командалық есеппен “Жаңақала” командасы үздіктер қатарынан табылып, үшінші орынға лайық деп танылды.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы