Кеше Түркістан қаласында тоғызқұмалақтан ҚР ардагерлер арасындағы жекелей чемпионаты басталды. Жарыстың ашылу салтанатында БҚО спорт ардагері, жаңақалалық Хайрат Мұратұлы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Мұхамедияұлының атынан «Тоғызқұмалақ қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Ол 40 жылға жуық ұлттық ойынымызды ұлықтап, көптеген шәкірттер тәрбиеледі. Бүгінде шәкірттері биіктен көрініп, аудан абыройын асқақтатып жүр. Мәселен, ҚР жеңімпазы Қаламқас Карина, ҚР жүлдегері Әділет Хамзаев және тоғызқұмалақтан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, ҚР спорт шеберіне үміткер Қайрат Шәутенов. Аталмыш чемпионатта еліміздің 17 аймағынан жүзден аса спортшы сынға түсуде.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы