27.04.2025, 19:00
Оқылды: 210

Жаңақалалық спортшылар ел біріншілігіне жолдама ұтып алды

24-27 сәуір күндері Орал қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында классика мен блиц түрлерінен БҚО командалық чемпионаты өтті.

image-27-04-25-09-40

Тартысты өткен дода қорытындысында классика және блиц ойын түрі бойынша ерлер құрамасы жеңімпаз атанып, 15-25 мамыр күндері Қызылорда қаласында өткізілетін ел біріншілігіне жолдамаға ие болды. Ал аруларымыз қоржындарын қола жүлдемен толықтырды. Спортшыларымыздың жоғары нәтижеге көрсетуде бапкерлері, жоғары санатты жаттықтырушы Қайрат Шәутеновтің де еңбегі орасан зор.

Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале